-A A +A

Тауар таңбалары туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік

11 қаңтарда Шымкент қаласы Қаратау аудандық Әділет басқармасының  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласының инспектор тіркеушісі Қ.Түйебақов Шымкент қаласы Өтегенов көшесі бойында орналасқан «Премиум торг» ЖШС-ның сауда  орталығының қызметкерлерімен «Тауар таңбалары туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Әділет органдары тарапынан жекелеген тауар таңбаларын заңдастыру жолдары және заңмен қалай дұрыс қорғау керектігі жөнінде айтылып өтті.

Сонымен қатар, тауар таңбалары туралы Заңның талаптары, кәсіпкерлермен бұзылған жағдайдағы әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың қандай болатындығы ескертілді.

Кездесу соңында, кәсіпкерлер өздерінің кейбір бағыттағы қызметтерін дамыту мақсатында әрі қарай тіркеуші органдармен яғни әділет органдарымен бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі бойынша пікір алмасты.