-A A +A

Тауар таңбасы ұғымы

2017 жылдың 12 шілдесінде Түлкібас аудандық әділет басқармасының басшысы Р.Мелдебековпен кәсіпкерлер субъектілері, мемлекеттік органдар және  мүдделі тұлғалардың қатысуымен, халықтың, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында, «Тауар таңбасының ұғымы, құқықтық қорғау және тауар таңбасын тіркеу шарты» және  «Тауар таңбасын заңсыз пайдалану барысында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы» тақырыптарында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараны өткізу барысында, семинар қатысушыларымен тауар таңбасын тіркеуге қатысты және тауар таңбасын заңсыз пайдалану барысында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы сұрақтары талқыланды.