-A A +A

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Қаңтар айының 11 күні Әл-Фараби аудандық Әділет басқармасының ғимаратында басқарма басшысы Қ.Сапаровпен Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының міндеттері түсіндірілді.

Іс-шараның мақсаты қызметкерлерді Президент Жолдауымен таныстыру және міндеттерді іске асыру жоспарларын талқылау.

Іс-шара барысында Қ.Сапаровпен Президент Жолдауының «Тиімді мемлекеттік басқару», «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» және мемлекеттік қызмет тиімділігінің толық әлеуетін ашу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресті жалғастырудың негізгі міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында басқарма қызметкерлері Президент Жолдауының  міндеттерін сапалы жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.