-A A +A

Түлкібас аудандық әділет басқармасымен кездесу өтті

11 шілдеде Түлкібас аудандық әділет басқармасы «А-Спектр» ЖШС-нің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әділет органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шешімдерін даулау, меншік құқығы және даулы мәселелерді шешу қарастырылды.

Сонымен қатар, заңды тұлғаларды, зияткерлік меншік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде туындайтын өзекті мәселелер қаралды. 

Кездесу нәтижелері бойынша қатысушылар Түлкібас ауданында бизнес-қоғамдастықпен бизнес ахуалдың жағдайларын жақсарту, сондай-ақ, әділет органдарымен одан әрі бірлесіп жұмыс істеу қажеттігі жөнінде ұсыныс берілді.