-A A +A

Түлкібас аудандық Әділет басқармасымен «Меншік құқығы» тақырыбында семинар-кеңес өтті

2017 жылдың 14 шілдесінде Түлкібас аудандық Әділет басқармасымен «Түлкібас» ЖШС-нің қызметкерлерімен  Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік инднексінің «Меншік құқығы» индикаторы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға «Түлкібас» ЖШС-нің ұжымы қатысты. Жұмысшылар жер учаскілерін заңдастыру, тұрғын жай объектісіне құрылыс жүргізуге рұқсат алу қағидалары туралы сұрақтарына қызығушылық танытты.

Кездесу барысында тұрғын жайларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақытылы тіркеу маңызды және электронды түрде тіркеу өте қолайлы екені туралы айтылды. Сұхбаттасу кезіндегі ақпараттарды қатысушылар назарға алды.