-A A +A

Заң қызметінің қызметкерлері тағылымдамадан өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы №12 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі басқармаларының, ОҚО бойынша тексеру комиссиясының және жергілікті атқарушы, өкілді органдарының қызметкерлері тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі басқармаларының, ОҚО бойынша тексеру комиссиясының және жергілікті атқарушы, өкілді органдарының басшыларымен бекітілген кестеге сәйкес нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінде өтті.

Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және әзірлеу саласында біліктілігін арттыру бойынша тағылымдамадан ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы басқармаларының, ОҚО бойынша тексеру комиссиясының, Төлеби, Ордабасы, Созақ, Сайрам ауданы әкімі аппаратының заң қызметкерлері тиісті жоспарға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау мен рәсімдеу саласында өз біліктілігін жетілдіру бойынша тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама нәтижелері бойынша әкім және мәслихат аппараттарына ақпарат жолданды.