-A A +A

«Заңсыз тауар таңбасын пайдаланудың алдын алу»

7 қарашада Еңбекші  аудандық  Әділет басқармасымен  зияткерлік меншік  құқықтарын қорғау  саласы бойынша  жергілікті құқық қорғау органдарымен және Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп,  заңсыз айналымдағы  контрафактілік  өнімдерге  қарсы  және заңсыз  тауар  таңбасын  пайдалану   фактілері  бойынша анықтау, болдыртпау  және  жолын кесу  мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға қатысушылар аудан  аумағында контрафактілік тауарларды таратуға жол бермеу мәселесі бойынша негізгі сұрақтарды талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел қорытындысы  бойынша зияткерлік  меншік құқығын бұзу фактілерін анықтау үшін құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы  органдар  өкілдерінің  қатысуымен  арнайы  бірлескен  жоспарды іске асыру  және бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.