-A A +A

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»

6 қарашада Түлкібас аудандық Әділет басқарманың  ұйымдастыруымен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Түлкібас аудандық прокурорының қатысуында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізгі талаптарын талқылау туралы басқармада семинар өткізілді.

Семинар барысында басқарма қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарау бойынша басты талаптар жеткізілді, бұл барлық мемлекеттік органдар қызметінің басым бағты болып табылатыны туралы атап өтілді.

Одан басқа, әкімшілік тәжрибе бойынша: әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар толтыру, «Web-1AП» веб-порталында ақпараттық есептік құжаттарын толтыру бойынша сұрақтар талқыланды.