-A A +A

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

6 желтоқсанда Кентау қалалық әділет  басқармасының басшысы Б.Танирбергеновтың ұйымдастыруымен басқарманың  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Кездесу барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге қатысты дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтинггісіндегі «Меншік тіркеу» индикаторы көрсеткішін жақсарту мақсатында мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» туралы ҚР-ның Заңының талаптары түсіндіріліп, пікірлер алмасты.