-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша дөңгелек үстел

13 шілдеде Созақ аудандық әділет басқармасы Созақ ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында басқарманың тіркеушісі А. Абуова Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекттік қызмет көрсету кезінде бас тартулар мен тоқтатулар санын азайту бойынша жұмысын ұйымдастыру регламентін таныстырып өтті.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылданған жылжымайтын мүліктер бойынша мемлекттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік тіркеуден бас тартулар мен тоқтатулар талқыланды.

Отырыстың нәтижесі бойынша мемлекеттік тіркеуге қабылданатын  құжаттарды «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының талаптарында көрсетілген құжаттарға сәйкес болуы және жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу барысында негізсіз бас тарту мен тіркеу мерзімін тоқтату фактілерін болдырмау туралы шешім қабылданды.