-A A +A

Жылжымайтын мүлікке тапсырылған өтініштерді тоқтату және бас тарту санын азайту

8 қаңтарда Шымкент қаласы Қаратау аудандық Әділет басқармасының  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласының бас маманы А.Ахмедов «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы «ХҚКО» департаментінің  Шымкент қаласындағы № 5 қалалық бөлімінің қызметкерлеріне «Мемлекеттік тіркеуге тапсырылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді тоқтату және бас тарту санын азайту» атты тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге тапсырылған өтініштерді тоқтату және бас тарту санын азайту үшін жүргізілетін іс-әрекеттер айтылды.