-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша «Ашық есік күні» өтті

30 қарашада ОҚО Әділет Департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің ұйымдастыруымен  Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2016-2018 жылдарға арналған Әділет министрлігінің ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштерін жақсарту бойынша медиа-жоспарының 36, 37 бөлімдеріне сәйкес, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс көрсеткіштерін жақсарту үшін зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік палатасының конференц залында «Контрафактілік өніммен күрес» тақырыбында «Брифинг» және «Ашық есік күні» өтті.

Бұл іс-шараға құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрығы негізінде Ішкі істер, ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу ОҚО бойынша басқармасы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  қызметкерлерімен бірлесіп, кәсіпкерлердің, құқық иегерлердің, және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара мақсаты құқық қорғау органдарының бірлескен бұйрығы негізінде 2017 жылы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарын қорытындылап тұтынушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.