-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер

9 қарашада Отырар аудандық әділет басқармасымен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің және кәсіпкерлердің қатысуымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты - осы саладағы заңнама бойынша түсіндірме беру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Семинар - кеңес барысында әділет басқармасының басшысы Мурат Қасымбаевпен авторлық және сабақтас құқықтардың өзектілігі мен негізгі ерекшеліктері атап өтіліп, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық актілерге түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, зияткерлік меншік құқықтары нысандарына қатысты, тауар белгісін қалай тіркеу туралы мәселелер талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар бұл бағытта құқықтық түсіндіру жұмыстарымен жандандыру қажет деген шешімге келді.