-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтарына қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу

2017 жылдың 14 шілдесінде Мақтарал аудандық әділет басқармасында жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен зияткерлік меншік құқықтарына қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу жөнінде семинар-кеңес өткізілді. 

Семинардың мақсаты зияткерлік меншікті қорғау аясында құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу жұмыстарын жандандыру.

Іс-шара  барысында Әділет басқармасының басшысы А.Абдуллаев қатысқандарға бүгінгі күні Қазақстан авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау, қорғау және оны қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық құқықтық актілер қатарының қатысушысы болып табыладығын айтты.          

Сонымен бірге, ҚР Азаматтық кодексінің 125 бабына сәйкес зияткерлік меншік  деген азаматтық немесе заңды тұлғалардың айрықша құқығы зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері және оаларға теңестірілген дараландыру құралдары заңды тұлғаны даралау, жеке және заңды тұлға өнімдері атқаратын жұмыстары мен қызмет көрсетулері (фирмалық атаулары, тауар белгісі, қызмет көрсету белгілері және т.б.)  екендігін түсіндірді.

Семинар соңы авторлық құқық аясында бірігіп жұмыс істеуге ұсыныс жасалды.