-A A +A

Персоналды басқару және ішкі қауіпсіздік басқармасы

Дүйсенбекова Майра Тұрсынәліқызы

Басқарма басшысы 

Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің Ережелерін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары мен міндеттерін белгілеуді қамтамасыз етеді;

Мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің қызметте болуына байланысты құжаттарды дайындауды, жеке істерін жүргізуді қамтамасыз етеді;  

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды және тәртіптік, конкурстық, тәлімгерлік кеңесі, қызмет өтілдерін белгілеу комиссияларының қызметін ұйымдастырады;

Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Е» қызметі» ықпалдастырылған ақпараттар жүйесіне мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің мәліметтерін енгізу жұмыстарын қамтамасыз етеді;

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу бағытындағы іс-шаралардың  орындалуын  қамтамасыз етеді;

Орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталмауы, сондай-ақ арыз-шағымдар бойынша қызметтік тексерулер жүргізуді ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Әділет департаментінің алқа хаттамалары, жұмыс жоспарлары, бұйрықтары мен нұсқауларының, одан басқа ерекше бақылауға алынған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Әділет департаментінің жылдық, тоқсандық жұмыс және алқа жоспарларын қалыптастыруды және орындалуын қамтамасыз етеді;

Әділет органдарының сенім телефоны қызметінің жұмысын ұйымдастырады;

Әділет департаментінің аппараты мен аудандық, қалалық әділет басқармалары мен аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінде жоспарлау, орындаушылық және ұйымдастыру жұмыстарына жоспарлы, мақсатты және өзге де тексерулердің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және әдістемелік көмек көрсетуді, методикалық нұсқаулық әзірлеуді ұйымдастырады;

Облыстық аумақтық әділет органдарының және құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңестері мәжілістерінің құжаттарын дайындауды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Департаменттің қызметі бойынша талдау-аналитикалық жұмыстарын  жүргізеді.