-A A +A

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі

Муслимова Назира Рустемқызы

Бөлім басшысы

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің

ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

1.    Жалпы ережелер

1.Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі (әрі қарай – бөлім) Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Әділет органдары туралы» Заңына,  Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Жарлықтары мен қаулыларына, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрықтары мен нұсқауларына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің Ережесін және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады;     

3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітіледі.

2.    Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

4. Негізгі міндеттері:

4.1. Әділет департаментінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуде:      

1) департамент басшысымен өтетін алқа, аппарат кеңесі мен  шұғыл мәжілістерін ұйымдастыру, тиісті құжаттарды рәсімдеу, хаттамалар жазу мен хаттамалық шешімдердің орындалуын қадағалау;

2) департаменттің жұмыс, алқа жоспарларын қалыптастыру және олардың орындалуын қадағалау;

3) департаменттің қызметтері бойынша талдау жасау және оны жетілдіру бойынша тиісті шараларды жүргізу;

4.2. Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызмет тиімділігіне талдау:

1)    департамент басшысына әділет органдарының қызметіне қатысты аналитикалық, анықтамалық құжаттардың дайындалуын қамтамасыз ету;

2)    департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің қызметіне талдау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

3)    департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің департаменттің қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстарына талдау жасау және олар бойынша қорытынды дайындау;

4)    департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің қызметіне жасалған талдаулар нәтижесі бойынша департамент басшысына қызметтік хат ұсыну;

4.3. Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінде тексерулерді ұйымдастыру:  

1)  тексеру комиссияны қалыптастыру және келісу;

2) департамент басшысына тексеру нәтижесі бойынша есеп беру, олардың орындалуына бақылау жасау;

3) тексеру жүргізудің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;

4) тексеру нәтижелеріне және департамент басшысының басқа да бақылау тапсырмаларына талдау және қорытындылау жасау;

5) тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жұмыс барысында болдырмау мақсатында толық және уақытылы қалпына келтірілуін қадағалау;

5.   Бөлімнің құқықтары:

1)   Бөлімнің функциясы мен міндеттерін орындау мақсатында департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерден ақпараттар, құжаттар, анықтамалар, есептер, ауызша және жазбаша түсініктемелер мен басқа да материалдар сұратуға және алуға;

2)   Құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларының келісімен департамент аппаратының жұмысын ұйымдастыру, тексеру жүргізу мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, басқа да құжаттарды дайындау мақсатында құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін жұмысқа тартуға;

3)   бөлімнің мүддесіне қатысты департаменттің құрылымдық бөлімшелеріндегі, мемлекеттік және басқа да мекемелердегі мәжілістерге қатысуға;

3. Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру

6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған өкілеттіктерге ие.

7. Бөлімге бөлім басшысы басшылық етеді, оны тағайындау мен жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген.

8. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылық етеді және бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауапты.

9. Осы мақсатта бөлім басшысы:

1) өз мамандарының міндеттері мен құзыреттерін нақты белгілейді;

2) бөлімнің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, департамент басшысының тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын, орындаушылық және еңбек тәртіптерін сақталуын қамтамасыз етеді;

3) бөлім қызметкерлерін марапаттау мен жауапкершілікке тарту, сондай-ақ ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

10. Бөлім атынан құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға бөлім басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.