-A A +A

Құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

Құлымбет Үрмия Манатқызы

Бөлім басшысы

Құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
 
Бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
 
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) департаменттің құжат айналымын қамтамасыз ету жүйесiн жүргiзу мен жетiлдiру, құжаттармен жұмыс iстеуге әдiстемелiк басшылық жасауды ұйымдастыру;
2) корреспонденциялардың орындалу мерзіміне бақылауды қамтамасыз ету;
3)құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің іс-қағаздарын жүргізу жұмыстарына тексеру ұйымдастыру.
Бөлімнің функциялары:
1) департаменттің электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің қызметін үйлестіру;
2) белгіленген заңнама талаптарына сәйкес электронды құпия емес құжат айналымын жүргізу және ұйымдастыру;
3) департаментке түскен кіріс-шығыс корреспонденцияларын өңдеу, алдын-ала қарау, кіріс құжаттарын бастапқы өңдеу салымдарды /конверт/ жеткізудің дұрыстығын, тұтастығын тексеру  және  департамент басшылығының қарауына тиістілігі бойынша сараптау;
4) департамент басшылығымен қаралған орындау үшін түскен құжаттардың құрылымдық бөлімшелерге уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету; 
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (ұсыныстарын, арыздарын, шағымдарын және сұранымдарын) қабылдау, тіркеу, есепке алу, қарау, уақытылы орындау жұмыстарын қамтамасыз ету;
6) департаменттің ведомстволық мұрағатының жұмысын қамтамасыз ету;
7) әділет департаменті басшылары мен оның орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жұмысын ұйымдастыру;
8) департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылған ұсыныстар негізінде департаменттің істер номенклатурасын әзірлеу және құрастыру;
9) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің қызметін жетілдіру, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің жұмысына әдістемелік көмек көрсету, мониторинг жүргізу, талдау жасау; 
10) бақылауды жүзеге асырудың әдістемесі мен формасын жетілдіру;
 
Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру
 
Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
 
Байланыс телефоны: 8/7252/35-44-86