-A A +A

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету басқармасы

Жұмаханов Бағдәулет Қалдашұлы

Басқарма басшысы 

Атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасы

Атқару өндірісін қамтамасыз ету Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасыныңнегізгі міндеттері және функциялары

Негізгі міндеттері:

1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;

2) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізу;

2) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу;

3) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне енгізеді;

4) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып мемлекеттік және жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырады.

Негізгі функциялары:

1) атқару өндірісін есепке алу және бақылау;

2) аумақтық сот орындаушылары бөлімдерінің қызметтерін бақылауды жүзеге асыру, атқару құжаттарының уақытылы орындалуын, аға сот орындаушысы мен сот орындаушылардың қызметтік міндеттерінің тиісті орындалуын бақылау;

3) атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау;

4) прокуратура органдарының прокурорлық актілеріндегі заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстарды қарау; 

5) «Борышкерлердің бірынғай тізілімінде» және «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесініңмониторингін жүзеге асырады және бақылайды;

6) «Би-Логистикс» Акционерлік қоғамымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

7)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырылуын қадағалайды;

8)  ҚР заңдарында белгіленген және басқарма Ережесіне сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Байланыс телефоны: 87252/33-81-71