-A A +A

Атқарушылық өндірісті есепке алу және бақылау бөлімі

Досанова Ғалия Тұрарқызы

Бөлім басшысы

Атқарушылық өндірісті есепке алу және бақылау бөлімі өз құзыреті шегінде сот актілерін және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын сот орындаушылары тарапынан орындалу заңдылығын қадағалайтын, жеке және заңды тұлғалардың сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына қатысты арыз-шағымдарын қарайтын Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Атқарушылық өндірісті есепке алу және бақылау бөлімінің міндеттері:

1) сот орындаушылары үстерінен түскен арыз-шағымдарды Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында көзделген мерзімде уақытылы қаралып шешілуін қамтамасыз ету және бақылау;

2) сот орындаушылардың үстінен түскен прокурорлық актілерді уақытылы қаралып, шешілуін қамтамасыз ету және бақылау;

3) сот орындаушыларымен атқарылған жұмыстары жөніндегі статистикалық есебін уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету;

4) сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

5) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша талдау жүргізіп, ұсыныстар енгізеді, әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді.

Байланыс телефоны: 8/7252/35-44-82