-A A +A

Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімі

Исабекова Айнұр Ақжігітқызы

Бөлім басшысы

Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімі өз құзыреті шегінде сот актілерін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қаулыларын, жеке сот орындаушылары тарапынан орындалу заңдылығын қадағалайтын және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына қатысты арыз-шағымдарын қарайтын Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімінің міндеттері:

1) жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуін жүргізу;

2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне енгізуді жүзеге асыру;

3) Оңтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушылар алқасымен бірлесіп, жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

4) Оңтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушылар алқасымен бірлесіп, Әділет департаментіне жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

 

Байланыс телефоны: 8/7252/ 35-44-82