-A A +A

Жалпы ақпарат

 

 

 

1. Жалпы ережелер

1. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті (бұдан әрі - әділет департаменті) әділет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аумақтық органы болып табылады.

2. Әділет департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

3. Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасынын, Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Әділет департаменті мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындагы занды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Әділет департаменті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Әділет департаменті егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.

5. Әділет департаментінің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Әділет министрімен келіскеннен кейін Жауапты хатшы бекітеді.

6. Әділет департаментінің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазакстан облысы, 160012, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі, 16.

7. Әділет департаментінің толық атауы - «Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесі.

8. Осы Ереже әділет департаментінің құрылтай құжаты болып табылады.

9. Әділет департаментінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

2. Әділет департаментінің міндеттері мен функциялары

10. Әділет департаментінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқыктарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктін, жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;
  2. құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету, мүлікті бағалау қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  3. зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындагы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  4. Аудандық, қалалық азаматтық хал актілерін жазу бөлімдеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, әділет органдары берген ресми құжаттарды апостильдеу;
  5. нормашығармашылық қызметті жүзеге асыру;
  6. заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша өндірісті жүзеге асыру.

11. Әділет департаменті қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында:

мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;
әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген мемлекеттік органдардың нормативтік құқыктық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;
жергілікті мемлекеттік оргаңдар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған олардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;
әділет органдарында мемлекетгік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу;
мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау;
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізімдерін жүргізу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу;
құқықтық кадастрды енгізу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық қызметтер көрсету;
азаматтық хал актілерін мемлекетік тіркеу.

2) құқықтық көмекті ұйымдастыру және заңгерлік қызмет көрсету, құқықтық насихат саласында:

нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустық бос орнына орналасу үшін конкурстық іріктеу өткізу;
нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адамдардың резервін қалыптастыру;
аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекет жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын атгестаттауды жүргізу;
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда - мемлекеттік нотариатты оңтайландыру шараларын жүзеге асыру;
нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық округтегі жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын айқындау;
нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустардың іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес беру;
нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастыру;
нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариустарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппаратының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
халықты  жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы хабардар ету;
жекеше нотариустардың есептік тіркелуін жүргізу;
нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариус лицензиясын тоқтата тұру, айыру және қолданылуын тоқтату туралы ұсыным енгізу;
нотариаттық палатамен бірлесіп, тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың жеке мөрін жою және басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариуста лицензияның қолданылуы тоқтаған жағдайда оны лицензиарға беру үшін лицензиясын алып қою жөнінде шара қабылдау;
нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыным енгізу;
жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарған және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолдану;
жекеше нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
Министрлікке нотариатnық палатамен бірлесіп, бекіту, үшін нотариатгық округтегі нотариустардың саны туралы ұсыным енгізу;
нотариаттық палатамен бірлеріп, жасалатын нотариаттык іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше практикамен айналысатын нотариустың іс-қағаздарын жүргізу ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
адвокатураның жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің сапасын бақылау;
заңда көзделген жағдайларда адвокат лицензиясынан айыру туралы талап арызға бастамашылық ету туралы ұсынымды Министрлікке енгізу;
Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға сәйкестендіру нөмірлермен жеке куәліктер мен төлқұжаттар беру;
Азаматтық хал актілерін жазу органдары кадрларын аттестаттау, іріктеу және орналастыру, құжаттандыру, олардың қызметінде бірыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету;
азаматтық хал актілерін жазу органдарына әдістемелік басшылық жасау, құжаттандыру;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі әділет органдарынан және осы аумақтағы нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
облыс, аудан, қалалар әкім аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу.

3) зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласында:

жеке және заңды тұлғаларды зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне тексеруді жүзеге асыру;
зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорыту.

4) әкімшілік іс жүргізу саласында:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.

12. Әділет департаменті өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Әділет департаментінің қызметін ұйымдастыру

13. Әділет департаментін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.  Әділет департаменті бастығының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

14. Әділет департаментінің бастығы әділет департаментіне басшылық етуді жүзеге асырады және өзіне жүктелген міндеттердің орыңдалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілік көтереді.

15 .Осы мақсаттарда әділет департаментінің бастығы:

1) өз орынбасарларының және әділет департаменті құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға және Министрліктің Жауапты хатшысы бекітетін құрылымға, штат санына сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, әділет департаменті қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3)заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекетгік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, әділет департаментінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және ұсыным енгізеді;
5) әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда әділет департаментін білдіреді;
7) заңнамаға сәйкес өзге де екілеттікті жүзеге асырады.

16. Әділет департаменті қабылдаған шешім бастықтың немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен рәсімделеді.

17. Әділет департаменті бастығының жанында консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын әділет департаментінің бастығы бекітеді. Әділет департаментінің бастығы алқа төрағасы болып табылады.

18. Әділет департаментінің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, құрылымды бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттері әділет департаментінің ішкі қызмет регламентімен және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен белгіленеді.

4. Әділет департаментінің мүлкі

19. Әділет департаментінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Әділет департаментінің мүлкі оған мемлекет берген мүлкінің есебінен қалыптасады, әрі негізгі және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны теңгерімде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

20. Әділет департаментінің мүлкі республикалық меншікке жатады.

21. Әділет департаментінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеленуге немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Әділет департаментіне заңда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

5. Әділет департаментін қайта ұйымдастыру және тарату

22. Әділет департаментін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.