-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Ербекешов Нұрлан Хусанұлы 

Бөлім басшысы

 

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі:

  • заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу;
  • филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу;
  • заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу;
  • филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу;
  • заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуын тіркеу;
  • заңды тұлға филиалы және өкілдігін есептік тіркеуден алу;
  • заңды тұлғалардың мемлекеттік /қайта/ тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік /қайта/ тіркеу туралы куәлік телнұсқасын беру;
  • заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік /есептік/ тіркеу;
  • бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруымен байланысты мемлекеттік /қайта/ тіркеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу;
  • заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауап беруді жүзеге асырады.

 Заңды тұлғаларды электронды тіркеу тәртібі

ҚР Президентінің жолдауындағы төртінші бағыт халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру болып табылады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенім арттырудың маңызды қыры. 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болады. Ал, 2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат  етушілік құжаттарды қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алатын болады.

            2011 жылдың желтоқсан айынан бері электрондық үкімет порталында заңды тұлғаларды тіркеу бойыншаэлектронды  түрде өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.

            Ол үшін тіркеу туралы өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, төлем шлюзі арқылы мемлекетртік тіркеу ақысын төлеп, ары қарай өтінішті «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік деректор базасына жолдау қажет.

            Заңды тұлғаны интернет арқылы тіркеуге өтініш беру кәсіпкерлердің қаражаты мен уақытын үнемдеуге тиімді.

            Сонымен қатар, электронды қолтаңбасы бар жағдайда электронды үкімет порталында заңды тұлғалар туралы келесі ақпараттық анықтамаларды ала алады.

            -заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;

            -заңды тұлғаның филиалы мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;

            -жеке тұлғалардың заңды тұлғаға қатысы бар туралы мәлімет.

            Бұдан бөлек, көрсетілген анықтамаларды электрондық қолтаңбаның болу немесе болмауына қарамай Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады. Анықтама 30 минуттың ішінде беріледі.

Нормативтік құқықтық актілер:

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Заңы

 

Байланыс телефоны: 8/7252/ 35-31-65