-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Сейдазимов Бауыржан Баратұлы

Бөлім басшысы

Бөлімнің негізгі қызметі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу (одан әрі тіркеу), және ақпараттық қызметтер ұсыну болып табылады.

Бөлім құқықтық кадастрды жүргізумен, электронды дерекқор қалыптастырумен, мұрағат құжаттарының жағдайын бақылап және есебін жүргізумен айналысады.

Тіркеу кезінде тіркеуші - инспектор ұсынылған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізеді , олар:

  • бір құқықты тіркеуге бірнеше өтініштің түсуі жағдайын қарауға жататын арыздың басымдылығын анықтау;
  • ұсынылған құжаттарды электронды банк пен мұрағат материалдарының деректерімен ( жылжымайтын мүлік ретінде және құқық иеленуші жөнінде деректердің сәйкестігі) салыстыру жүргізу;
  • жылжымайтын мүлік ауыртпалықтарының ( құқық қорғау, сот және басқа да уәкілетті органдарымен қойылған тыйым салулар, шектеулер) бар-жоғын тексеруді жүзеге асыру;
  • техникалық паспортта бар жылжымайтын мүліктің техникалық сәйкестік сипаттамаларының құқық орнатушы құжаттағы деректерге сәйкес болуын тексеру.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу тәртібі

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1)нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрдегі құқық белгілейтін құжатты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жібереді. Жылжымайтын мүлікті сатып алушыны құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республи­касының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді.

2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган көздеген кез келген тәсілмен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеуге алым төлейді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, бюджеттік сыныптаманың коды, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, алым сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

3) тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген алымның толықтығын және электрондық чек пен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;

- құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны расталған жағдайда, жылжымайтын мүлікті сатып алушыны құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады.

Нормативтік құқықтық актілер:

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шiлдедегi N 310 Заңы