-A A +A

АХАТ және апостильдеу жұмыстарын қамтамасыз ету, бақылау бөлімі

Досанова Шахаризаде Сматуллақызы
Бөлім басшысы

АХАТ және апостильдеу жұмыстарын қамтамасыз ету, бақылау бөлімі Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және халыққа құқықтық көмек көрсету және заңгерлік қызмет көрсету саласында төмендегідей міндеттерді атқарады:

- азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерін қайта беру, әр түрлі нысандағы анықтамалар беру (ф №4, анықтамасы, неке қию қабілеттілігі туралы, азаматтық хал акт жазбаларының жоқтығы туралы, АХАЖ бөлімі мұрағатында сақталатын азаматтық хал актілерін растайтын анықтамалар).

Сонымен қатар, куәліктерді қайта беру және жолдау туралы азаматтардан және басқа мемлекеттен келіп түскен арыздарын қарау. Гааг конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерде қолдануға арналатын құжаттарды апостилдеу үшін нотариустерден, АХАЖ қызметі мен бөлімдерінен, аумақтық әділет органдарынан шығатын ресми құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

Әділет басқармасынан АХАЖ қызметі және бөлімімен жіберілген тегін, әкесінің атын өзгерту туралы, азаматтық хал актілерін өзгерту, түзету, енгізу, қалпына келтіру және жою туралы істерді қарайды.

Азаматтық хал актілерін электронды тіркеу тәртібі

Елбасы өзінің Жолдауында халыққа электронды түрде қызмет көрсетуді жандандыруды тапсырды.

Осыған орай «электрондық үкімет» порталы азаматтар үшін әділет органдарының қызметі - «Некені тіркеуге өтініш беру», ал биылғы жылдан бастап «Тууды, некені бұзуды тіркеу, барлық түрлері бойынша қайталама куәліктерді беру» электрондық қызметін іске асырды.

Аталған қызметті алу үшін міндетті түрде электрондық сандық қолтаңба болуы қажет, оны Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.

Интернет пайдаланушылар бүгінде осы қызметтің басымдығын бағалай алады – енді азаматтық хал актілерін тіркеу үшін өтінішті түрлі қалалар мен мемлекеттерде жүріп бере алады.

Электрондық өтінімді беру үшін порталда авторизациялау жүргізіп, өтінішті толтыру жеткілікті – жүйеге некеге тұратын адамдар туралы деректерді енгізеді, электрондық сандық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қояды, осылайша ұзақ кезектерде тұрудың және мемлекеттік органдарға барудың қажеттігі жоқ.

Өтінішті беруге мемлекеттік баж төлемі электрондық үкіметтің төлем шлюзінің автоматтандырылған жүйесі арқылы іске асырылады.

Азаматтық хал актілерін тіркеуге өтініш онлайн тәртібінде түскен кезде АХАТ бөлімі бірден некені тіркеудің уақыты мен күнін белгілеу туралы хабарлама жібереді.

Электронды қызмет тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қолдана алады.

Өтініш берушінің екеуі де веб-порталға тіркелген болуы тиіс және екеуіндк электрондық сандық қолтаңбаның болуы шарт.

Өтініш беруші өтінішке қол қойған сәттен бастап 48 сағат ішінде өтініш беруші өтінімді растап, сол арқылы өтініш беру үдерісін аяқтауы керек.

Өтініш берушінің екеуі де некеге бірінші рет тұруы қажет және екеуінің де балалары болмауы тиіс. «электрондық үкіметтің» веб-порталына екінші немесе өзге де реттегі некені тіркеу туралы өтініш беру мүмкін емес.

Нормативтік құқықтық актілер

Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексi

 

Байланыс телефоны: 8/7252/ 33-98-03