-A A +A

ОҚО адвокаттар алқасы

Баймуратов Серік Ширяздинұлы

Алқа төрағасы

Байланыс телефоны: 8/7252/ 41-75-73

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов  көшесі 86/10

 

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. 

Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқылары мен міндеттері, тәртіптік жауапкершілігі, т.б. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 ж. 5-желт.) көзделген.