-A A +A

Сұрақ қою

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайты арқылы жолданған азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібі

  • Азаматтардың электрондық нұсқада келіп түскен өтініштері аталған салада білікті мамандарға екі күннен кешіктірмей жолданады. Өтінішті қарау мерзімі – 3 жұмыс күні, өтінішті қарауға ұзақ уақыт қажет болған жағдайда қарау мерзімі 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • Өтінішке жауап Әділет министрлігінің ресми сайтында «Сұрақ-жауап» айдарында жарияланады.
  • Өтінімнің барлық тармақтарын мұқият толтыруларыңызды сұраймыз. Жолдаушы туралы ақпарат толық көрсетілмеген электрондық өтініш қарауға жатпайды. Сұрақ қоюшы туралы мәліметтер (e-mail, мекенжай, телефон) сайтта жарияланбайды.
  • Министрліктің құзіретіне кірмейтін сұрақтар қаралмайды және өзге ведомстволарға қарауға жолданбайды. Дөрекі формада жазылған өтініштер қарауға жатпайды.
  • Егер Сіз Министрліктің бекітілген электрондық өтініштерді қабылдау және қарау тәртібімен келіссеңіз өтінім формасын толтырыңыз.

Біздің сервисімізді қолданғаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Назар аударыңыз! Мәтін көлемі 600 белгіден аспауы тиіс.

 

Ақпараттық хабарландыру

Құрметті  азаматтар!

Атқарушылық іс жүргізу құпиялылығын қамтамасыз ету туралы өтініштердің жиіленуін ескере отырып, сондай-ақ, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын басшылыққа ала отырып, соған сәйкес атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға, көшiрмелерiн алуға және т.б. тек атқарушылық iс жүргiзу тараптары ғана құқылы, сондықтан Қазақстан Республикасы Әділет министірлігімен осы санаттағы сұрақтар бойынша ақпарат беру тәртібіне өзгерістер енгізу бойынша келесідей шаралар қолданылған.

  1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты өтiнiштерді қарау мерзімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының негізінде отыз күнтiзбелiк күн болып анықталған. 
  2. Нақты арқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша жауап атқарушылық іс жүргізу тараптарының және олардың өкілдерінің атқарушылық құжатында көрсетілген пошталық немесе электронды мекенжайларына жіберіледі.

Көрсетілген шараларды жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, өтініштерде көрсетілген мән-жайлардың барлығына нақты түрде жауап беру үшін «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес атқарушылық іс жүргізу тараптарының толық анықтамалық деректері көрсетілуі тиіс.

 

Ескерту. Қосымша ақпарат алуды талап етпейтін, атқарушылық іс жүргізу саласындағы қолданыстағы заңнамаға түсіндірме беру сұрақтары бойынша өтініштерді қарау мерзімі бұрынғыдай үш жұмыс күнін құрайды.

Жеке мәлімет
Тегіңізді енгізіңіз.
Атыңызды енгізіңіз.
Әкеңіздін атын еңгізіңіз.
Байланыс мәліметі
Электронды поштаңызды енгізіңіз.
Қала/ауданыңызд таңдаңыз.
Қала/ауданыңызд таңдаңыз.
Мекен-жайыңызды енгізіңіз.
Байланыс телефонды еңгізіңіз.
Пайдаланушы келісімі